Экономика

Сағынтаев Украина премьер-министрінің орынбасарымен ЭКСПО-2017 көрмесін талқылады

© Sputnik / Болат ШайхиновҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бақытжан Сағынтаев Украина Премьер-Министрінің орынбасары Геннадий Зубкомен кездесті

АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Жұмада Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Украина Премьер-Министрінің орынбасары – өңірлік даму, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы министрі Геннадий Зубкомен кездесу өткізді, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың алдағы перспективалары, сондай-ақ Қазақстан-Украина экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі Мемлекетаралық комиссияның өткен отырысының қорытындылары талқыланды.

Сонымен қатар, тараптар Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесін талқылады.

Биыл Қазақстан мен Украинаның арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толады.

2017 жылғы 15 маусымда ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Украинаның Ұлттық күні атап өтілді. Украина делегациясын Украинаның ұлттық секциясының Комиссары – Украинаның Вице-Премьер-Министрі – өңірлік даму, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы министрі Зубко бастады.


Жаңалықтар
0