Экономика

Қазақстан президенті қандай реформаларды қолға алатынын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевКасым-Жомарт Токаев подал в ЦИК документы для регистрации кандидатом в президенты
Касым-Жомарт Токаев подал в ЦИК документы для регистрации кандидатом в президенты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің жарқын болашағы үшін, халық үшін аянбай еңбек етуге серт берді

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Қазақстанның жаңадан сайланған президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта жүргізетін негізгі реформаларды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"1 қыркүйеккке дейін жемқорлықтың деңгейін мейілінше төмендетуге бағытталған реформалар топтамасы дайындалады. Жемқорлық – мемлекеттің дамуын тежейтін кесел, қоғамдағы өзара сенімге, жалпы, мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргіземіз", - деді Тоқаев бүгінгі ұлықтау рәсімінде.

Тағы оқыңыз: Тоқаев жастарға қандай уәде берді?

Оның айтуынша, жақын арада үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Сол жерде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттар айқындалады.

"Тағы бір бағыт – сот және құқық қорғау жүйесін реформалау. Сот – заң үстемдігінің кепілі. Сондықтан судьялар жоғары кәсіби және адамгершілік талаптарына сай болуы қажет. Судьялар мен осы қызметке үміткерлерді бағалау және іріктеу жүйесін қатаңдату керек. Сот әділдіктің соңғы шегі болуы тиіс. Құқық қорғау жүйесінің басты міндеті – халықтың сеніміне ие болу", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Жаңа жұмыс орындарын ашу мен халықты лайықты жалақымен қамту да ерекше назарда болады. Президенттің сөзіне қарағанда, ұлттық табысты әділ бөлу мәселесі – бұл стратегиялық маңызы бар дүние.

© Sputnik / Владислав ВодневПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта қолға алатын реформаларын атап өтті
Қазақстан президенті қандай реформаларды қолға алатынын айтты  - Sputnik Қазақстан
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта қолға алатын реформаларын атап өтті

"Мемлекеттік бюджеттің қаражатын ең алдымен келешегі зор мақсаттарға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бөлу керек. Бұдан бөлек, түрлі санаттағы азаматтардың қолжетімді баспанаға ие болуына айрықша назар аударамын. Біздің алдымызда бірыңғай тұрғын үй саясатын жасақтау міндеті тұр. Үкімет осы бағытта нақты шаралар қыбылдайды", - дейді Тоқаев.

Тағы оқыңыз: Тоқаев президент ретіндегі басты мақсатын айтты

Оның айтуынша, жаппай білім беру мен сапалы медициналық қызмет көрсетуге басымдық беріледі. Осыған орай, мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесіне арналған жаңа заңдар қабылданады. Сондай-ақ, өңірлерді дамыту шараларына баса назар аударылады.

"Антқа адал болу, сертке берік болу – менің халық алдындағы парызым. Қазақстанның жарқын болашағы үшін, халық үшін аянбай еңбек етуге серт беремін", - деді Тоқаев.

© Sputnik / Владислав ВодневҚасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі
Қазақстан президенті қандай реформаларды қолға алатынын айтты  - Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі
Жаңалықтар
0