Экономика

Шағын бизнес салықтан қашан босатылатыны белгілі болды

© Sputnik / Владислав ВодневПервый вице-премьер - министр финансов Алихан Смаилов
Первый вице-премьер - министр финансов Алихан Смаилов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу мәселелеріне қатысты заң жобасын әзірледі. Ол шағын бизнесті ынталандыруға бағытталған

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Осы жылдың соңына дейін шағын және микро бизнесті үш жылға салықтан босату туралы заңнамалық негіз әзірленеді. Бұл туралы бүгін премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Осы жылдың соңына дейін микро және шағын бизнес компанияларын олардың негізгі қызметінен үш жыл мерзімге салық төлеуден босату жөніндегі заңнамалық негіз әзірленетін болады", - деді министр үкімет отырысында.

Бұған қоса, келесі жылдың қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық тыйым күшіне енеді.

Смайыловтың айтуынша, қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу мәселелеріне қатысты заң жобасын әзірледі. Ол шағын бизнесті ынталандыруға бағытталған.

"Сонымен қатар, қолма-қол ақшасыз төлемдерді ынталандыру, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс күшейтіледі. Капиталды шығару, салық төлеуден бас тартуға қарсы күрес қатаңдатылады", - деді ведомство басшысы.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы – толық мәтін

Министр жуырда экономикалық тергеу қызметінің жұмысы оңтайландырылатынын атап өтті. Салық кодексінде көзделмеген төлемдер мен алымдарға тыйым салынады.

Сондай-ақ, жұмыссыздықты азайту және ауыл халқының өмір сүру деңгейін көтеру аясында ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді.

Жаңалықтар
0