Оқиға

Алматыда екі автокөлік соқтығысып, біреуі аударылған

© SputnikАлматыда автокөлік аударылды
Алматыда автокөлік аударылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға орнына келіп жеткен "Жедел жәрдем" мәліметінше, апат салдарынан ешкім зардап шекпеген.

АСТАНА, 21 қаз — Sputnik.  Алматы орталығындағы Төле би және Шәріпов көшелерінің қиылысында Toyota Land Cruiser Prado мен Mitsubishi Outlander автокөліктері соқтығысып, екіншісі аударылған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі тілшісі оқиға орнынан. 

Алматыда автобус апатқа ұшырады - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда автобус апатқа ұшырады

Көлік апаты куәгерлерінің айтуына қарағанда, Mitsubishi көлігі Төле би көшесімен батысқа қарай келе жатып, қызыл жанғанына қарамастан,көше қиылысына шығып кеткен. Toyota көлігімен соқтығысқаннан кейін Mitsubishi аударылып, апат орнынан ондаған метр алысқа барып тоқтаған.

Оқиға орнына келіп жеткен "Жедел жәрдем" мәліметінше, апат салдарынан ешкім зардап шекпеген. Аударылған көліктің жүргізушісі көліктен өз бетімен шыққан. 


Жаңалықтар
0