Оқиға

Екібастұз тұрғынын қорқытып, 100 млн теңге алмақ болған алты ресейлік ұсталды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуТүрме
Түрме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үшеуі ұсталды, сот қалғандарына бұлтартпау шараларын кешке тағайындайды.

АСТАНА, 21 қаз — Sputnik.  Алты Ресей азаматы және бір қазақстандық Екібастұз кәсіпкерін қорқытып, 100 млн теңге алмақ болды деген күдікпен ұсталды деп хабарланды Sputnik Қазақстан агенттігіне.

архивное фото Калмуханбета Касымова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ІІМ: "ауыр қылмысты" тізгіндедік, ұры-қары көбейіп кетті

Берілген мәлімет бойынша, 14 қазан күні сағат  11 кезінде олар жергілікті "Гамма" ЖШС кеңсесіне басып кіріп, фирма иесінен 100 миллион теңге талап еткен. Бірақ кейінен полицейлердің қолына түсіп қалған. Күдіктілердің бірінің көлігінде оқ ататын қару табылған. 

Қазіргі уақытта Екібастұз қалалық сотының санкциясымен олардың үшеуі тұтқындалды.  Олар 1993 жылы туылған Ингушетия тумасы, 1981 жылыт туылған Дағыстан тумасы, және 1979 жылы туылған Астана тұрғыны Павлодар облысы тумасы.  Олардың ешқайсысы тағылған айыпты мойындамай отыр. 

 

 

 

Жаңалықтар
0