Оқиға

Алматы облысында екі жер сілкінісі болды

© Sputnik / Игорь Носов / Медиабанкке өтужер сілкінісі
жер сілкінісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жер сілкіністер сағат 8:53-те және 8:55-те тіркелді. Жер асты дүмпулер 20 және 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

АСТАНА, 25 қар — Sputnik. Алматы облысында жұма күні 4,6 және 4,4 магнитудалық жер сілкінісі орын алды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы. 

Сағат 08-53 шамасында болған жер сілкінісінің кіндігі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 276 шақырым жерде орналасқан. Оның магнитудасы 4,6 құрады, ошақтың тереңдігі 20 шақырым. 

Сағат 8:55-те сол өңірде 4,4 магнитудалық жер асты дүмпулері қайта орын алды. Олардың тереңдігі 10 шақырымды құрады. 


Жаңалықтар
0