Оқиға

Астана тұрғыны өз пәтерінде покер клубын ұйымдастырған

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуПокер
Покер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Заңсыз казиноның иесі ғана емес, оған келушілер де жауапқа тартылатын болады.

АСТАНА, 29 қар — Sputnik. Астана полициясы құмар ойындары өткізілетін пәтерді анықтады: үй жағдайында ұйымдастырылған "казинода" келушілер ақша тігіп покер ойнайды екен деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің инспекторы Ләззат Бисембаева Sputnik Қазақстан агенттігіне. 

Полицейлер пәтерге кіріп келгенде, онда 31 және 38 жастағы екі ойыншы болған. Пәтердің иесі және казино ұйымдастырушысы – 47 жастағы Ш. ҚР ҚК 307-бабы 1 бөлігі " Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру" бойынша жауапқа тартылып, оған  2 мың АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе сондай мөлшерде түзету жұмысын орындау, не екі жылға бас бостандығынан айыру, не екі жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу жазасына кесіледі.  

Покер ойыншылары да ҚР ӘҚБК 444-бабы 1 бөлігі "Құмар ойындарға қатысу, тарту немесе рұқсат беру" бойынша жауапқа тартылады. 

Мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен 38 жастағы ойыншыға 200 АЕК айыппұл салынды. 31 жастағы ойыншыға қатысты дерек Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда. 

Қазақстанда құмар ойындарын өткізуге арнайы бөлінген жерлерде ғана рұқсат беріледі. 

Жаңалықтар
0