Оқиға

Алматыдағы "Мега Тау" сауда орталығында өрт болды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоӨрт сөндірушілер
Өрт сөндірушілер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сауда орталығындағы өрт салдарынан қыз зардап шекті.

АСТАНА, 1 жел – Sputnik. Алматыдағы "Мега Тау" сауда орталығында бейсенбі, 1 жлтоқсан күні өрт шықты, деп хабарлайды қалалық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі. 

Өрт сөндірушілердің хабарлауынша, сағат 13.53-те электр сымының тұйықталуы туралы ақпарат келіп түскен. 

 Бірінші өрт сөндірушілер өрт орнына бес минуттан кейін жетті. Олар келгенде жертөле аумағын қою түтін басқан және иіс желдеткіш арқылы үшінші, төртінші қабаттарға дейін жеткен. Құтқарушылар 50-ге жуық сауда орталығының келушілері мен жұмысшыларын қауіпсіз жерге көшірді.

Өрт сөндірушілер жетекшілігі жертөледе  орналасқан азық-түлік даярлайтын цехтың өртенгенін анықтады және 14-38-де өртті сөндіріп болды. Өрт аумағының ұлғаюы байқалған жоқ. Өрт 14-54-те толық сөндірілді. Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады.

Сауда орталығын түтін басу кезінде 27 жастағы сатушы түтінге уланып, жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. 


Жаңалықтар
0