Оқиға

Әубәкіров Су-33 оқиғасы туралы: жойғышты қондыру – үлкен өнер

© Photo : Министерство обороны РФ / Медиабанкке өтуСу-33
Су-33 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жойғышты қондыру кезде ұшқышқа белгіленген шектерден шығып кетпеу үшін зергерлік жұмыс істеуге тура келеді.

АСТАНА, 5 жел — Sputnik. Қазақстандық ғарышкер, ұшқыш Тоқтар Әубәкіров Sputnik Қазақстанға жойғышты "Адмирал Кузнецов" авиакрейсеріне қондыру қиындығы туралы айтып берді. 

Әубәкіровтің өзі 1989 жылы тәжірибелі кемелік МиГ-29К жойғышын ауыр авиатасушы  крейсері "Тбилисиден" алғаш рет ұшырып, алғаш рет қондырған. 

"Бүгін құлаған Су-33 – ол ең қолайсыз, тоқтайын деп қалған, бірақ әлі инерция бар кезде трос үзілетін жағдай. Массасы үлкен, инерция өте үлкен, трос үзіледі, өкінішке орай ұшақ палубадан кету үшін қарқын ала алмайды. Сосын ол сырғып борттың сыртына құлайды", — деді Әубәкіров Sputnik Қазақстанға. 

Оның атап өтуінше, жойғышты палубаға қондыру – ол "өте үлкен өнер". "Палуба плюс минус үш метр биіктік бойынша теңселеді. Сондықтан ол жерде оған берілген параметрлерден шығып кетеу үшін, ұшқыш өте мұқият жұмыс істейді, бұл ондағы филигранды қозғалыстар", — деп түйді ұшқыш. 

Бұрын РФ Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, Сирия аспанында әскери міндеттерді орындап бітіргеннен кейін "Адмирал Кузнецов" крейсеріне қону кезінде, аэрофинишердің тросы үзіліп, Су-33 жойғышы палуба сыртына шығып кетті. Пилот катапульталанып, іздеу құтқару күштерімен  "Адмирал Кузнецов" крейсерінің бортына жеткізілді. Ұшқыштың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. 


Жаңалықтар
0