Оқиға

Бақытбек Есентаевқа шығарылған үкім өзгеріссіз қалдырылды

© Photo : соцсетиБақытбек Есентаев қызымен
Бақытбек Есентаев қызымен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бақытбек Есентаев жұбайы Баян Мақсатқызының (Есентаева) өміріне қастандық ойлағаны үшін сотталған.

АСТАНА, 20 жел — Sputnik. Танымал продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевқа шығарылған үкім өзгеріссіз қалдырылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігінің тілшісі сот залынан.

Есентаев 3 қараша күні тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын. 

Баян Есентаева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Баян Мақсатқызы кітап жазды

Алматы облыстық сотының апелляциялық коллегиясы шешімімен Есентаевқа берілген жаза мерзімі өзгеріссіз қалдырылды.

2016 жылы 10 маусымда танымал продюсер, актриса, тележүргізуші Баян Есентаева (кейіннен қыз күніндегі Мақсатқызы тегін қайтарып алды) пышақ жарақаты мен түрлі соққы алып аурухана  түсті. Қылмыс жасаған деген күдікпен Бақытбек Есентаев ұсталды. Ер адамға өз жұбайының өміріне қастандық ойлады деп айып тағылды. Баян соттан бұрынғы күйеуін бас бостандығынан айырмай, басқа жаза түрін қолдануды сұраған еді. Алайда, сот оның бүл өтінішін ескермеді, өйткені Есентаев аса ауыр қылмыс жасаған болатын. 

Жаңалықтар
0