Оқиға

Қарағанды түбінде вагондардың рельстен шығып кетуінен Астана возкалы адамдарға толды

© Photo : страница Т.Хасанова в FacebookЖолаушылар
Жолаушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағанды облысында пойыздардың кешігуіне байланысты Астананың темір жол вокзалында жолаушылар лық толды

АСТАНА, 27 жел — Sputnik. Елордалық темір жол вокзалы өз пойыздарын күтіп отырғандарына бірнеше сағат болған жолаушыларға лық толды, деп жазады әлеуметтік желі пайдаланушылары. 

Сейсенбі күні "Қазақстан темір жолы" компаниясы Қарағанды облысына электровоз бен он екі вагон жүк құрамының рельстен шығып кеткені туралы хабарлаған. Бұл бірнеше пойыздың кешігуіне әкеліп соқтырды. Компанияда сағат 23-ке қарай қозғалысты қалпына келтіруге уәде етеді. 

"Бүгін Қарағанды бөлімшесінің Бабатай станциясы жолында электровоз бен он екі вагон жүк құрамының рельстен шығып кетуіне байланысты Алматы бағыты бойынша рейстер кем дегенде 3 сағатқа кешіктіріліп жатыр. Барлығы үйлеріне жеткісі келеді!!!", — деп жазды Фейсбукте Тимур Хасанов. 

"Астана вокзалында сұмдық. Барлық пойыздар 3-сағатқа кешігіп жатыр", — деп жазады Қарғанды бағытындағы жолаушылардың бірі Алина Хасанова. 

Жаңалықтар
0