Оқиға

Шахандағы көп қабатты үйдің құлауынан бір адам аман қалып, тоғызы қаза тапты

© Photo : Комитет по ЧС МВД КазахстанаШахандағы көп қабатты үйдің құлауынан бір адам аман қалып, тоғызы қаза таты
Шахандағы көп қабатты үйдің құлауынан бір адам аман қалып, тоғызы қаза таты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шахан ауылындағы көп қабатты үй құлағаннан кейін 10 сағат өткен соң дерлік ер адам аман табылды, тоғыз адам қаза тапты.

АСТАНА, 2 қаң – Sputnik. Шахтинскіде көп қабатты үй құлаған жердегі үйіндінің астынан бір адам тірі шықты, деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов. 

"Үйіндінің астынан сағат 8.15-те 32 жастағы ер адам тірі шықты",  - деп хабарлады Иманқұлов. 

Жалпы үйіндінің астынан қазіргі уақытта он адам шығарылды: олардың тоғызы қаза тапқан: үш ер адам, үш әйел кісі, үш бала. Екі бүлдіршін 2016 жылы туылған, біреуі – 2010 жылы. 

Бірінші қаңтар күні сағат 22.40-та Қарағанды облысы ТЖД құтқару бөлімшелеріне Қарағанды облысы Шахтиниск қаласы Шахан ауылында көпқабатты үйдің бөлігі қирады деген хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына тез арада төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен құралдары жіберілді. Үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Қарағанды облысы Шахан ауылында қирау жөніндегі жедел штабта "қызу желі" телефоны іске қосылды – 8/72156/3-24-17. 10

Жаңалықтар
0