Оқиға

Шахандағы апат: оқ дәрі бөшкесіндегі өмір

© Sputnik / Дархан МусинШахан кентінде үйдің опырылып түсуі
Шахан кентінде үйдің опырылып түсуі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан тілшісі Шахтинск маңындағы Шахан кентіндегі апат орын алған жерде болды

АСТАНА, 2 қаң – Sputnik, Әсем Міржекеева. Қарағанды облысындағы қала үлгісіндегі шағын Шахан ауылының аспанында соңғы жаңа жылдық отшашулардың атылуынан кейін бір тәулік өте қойған жоқ. Бірақ 2017 жаңа жылдың 1 қаңтары жергілікті тұрғындар үшін енді қайғылы күнге айналады. Бар болғаны бірнеше сағат бұрын балалар күлкісі мен жылы лебіздерге толы болған үйдің астында тоғыз адам, олардың үшеуі бүлдіршін қалып қойды. 

Шахтинскідегі тұрғын үйдің қирауы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шахтинскідегі тұрғын үйдің қирау орнындағы құтқару жұмыстарының кадрлары

Шахан кенті Шахтинск қаласынан бірнеше ондаған шықырымда орналасқан. Мұнда сегіз мыңға жуық адам тұрады. Қалай өмір сүреді дерсіз? Өлместің күнін кешеді деуге болады. "Тентек" және Ленин атындағы екі шахтаның ортасында орналасқан, кезінде гүлденіп тұрған шахтерлік кент қазір Құдай ұмытқан жерге ұқсайды. Қап қара және бос терезелер, қаңғыған иттер мен көкшіл сұр түтін кезінде өз еңбектерімен шахтерлердің және Қарағанды облысының атын шығарған шахтерлердің даңқы туралы  еске салады. 

© Photo : Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіШахан кентіндегі үйдің құлау салдарынан қаза тапқандардың туысы
Шахан кентіндегі үйдің құлау салдарынан қаза тапқандардың туысы  - Sputnik Қазақстан
Шахан кентіндегі үйдің құлау салдарынан қаза тапқандардың туысы

Бұл қайғылы күні Шаханға апарар жолды асфальттегі ойықтарды әбден жасыруға тырысқан қалың қар басты. Шоқалақ жолды екі жыл бұрын су тасқындары шайып кеткен. Онсыз да аянышты көрініске терең шұңқырлар қалдырды. Кентке жақындаған сәтте, көзге бірден оның аспанына төнген көкшіл сұр түтін мен жан түршіктірерлік оқиға орнында жұмыс істеп жатқан көтергіш кранның "жебесі" ілінеді. Сол бойынша біз жаңа жылдың алғашқы күні онға жуық адамның қазасына әкеп соқтырған орынды анықтадық. 

Оқиға орны қоршауға алынып, құлаған үйдің тұрғындарын пәтерлеріне кіргізбей жатыр. Бұл түні бүтін бір подъезд – бес қабат, он бес пәтер, алты ересек адам мен үш бүлдіршін ғайып болды. Үйдің бір бөлігін қайраусыз балтамен шауып жіберген секілді сезімде боласың. Ауада асүйдің раковиналары, дивандар қалқып тұр, жыртылған перде желге жайқалып тұр. 

Қайғылы оқиға сағат 22.40-та орын алды. Кенеттен тарсылдаған дыбыс бүкіл Шаханға естілді. Көрші үйлер мен подъездерден болған жәйттен бейхабар адамдар жүгіріп шыққан. 

© Photo : Қарағанды облысы әкімдігіШахандағы үйдің құлауының құрбаны
Шахандағы үйдің құлауының құрбаны - Sputnik Қазақстан
Шахандағы үйдің құлауының құрбаны

"Кешкі сағат 8 шамаларында біздің жарықты сөндірді, содан кейін шамамен екі сағаттан кейін жарылыс болды, — деп қатты жылайды Ирина. – Бірінші подъезде менің әріптесім тұратын. Ол күйеуі мен ұлынан айырылды. Бұл жерде не болғанын сіздер елестете де алмайсыздар. Біз үйден атып шыға бердік, өзімізбен бірге ештеңе алмадық. Енді бізді пәтерлерімізге кіргізбей жатыр". 

Үйіндіні тазартып жатқанды бақылап тұрған жергілікті тұрғындар, бәрі бір ауыздан, егер де олардың көп жылдар бұрынғы жан айқайына жергілікті билік құлақ асқанында, бұл қайғылы оқиғаның алдын алуға болатын еді дейді. 

Қазақстан тәуелсіздігін алған сәттен бастап, шахтерлік кент бүкіл үйлерге жылу беретін орталықтандырылған жалғыз қазандықтан айырылып қалған болып шықты. Қазандықты кірпіштерге бөлшектеп тастап, жаңасын сол бойы соқпаған. Бұл ретте жыл сайын, жергілікті билік шахандықтардың үйлерінде жылу болады деп жыл сайын уәде беріп, бірақ бұл уәделер, сөзден әрі аспапты. Бұл жерде көп қабатты үйлерді  қысқы маусымда, әрі кетсе тұрғындардың есебінен салынған шағын қазандықтардың арқасында жылытады екен. Жоқ дегенде, біздің қазір өмір сүріп жатқан кезімізде елестете де алмайтын, бесінші қабатқа да орнатылатын кішкене шойын пештерімен жылытады.  Жоғарыға көмір шығарып, ал төменге күл түсіреді.   

© Photo : Қарағанды облысның әкімдігі Ер адам мен апаттан қаза тапқан кішкентай қызының суреті
Ер адам мен апаттан қаза тапқан кішкентай қызының суреті  - Sputnik Қазақстан
Ер адам мен апаттан қаза тапқан кішкентай қызының суреті
Жаңалықтар
0