Оқиға

Елбасы Шаханда зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды

© Photo : Официальный сайт президента Республики КазахстанНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақорданың баспасөз қызметі мемлекет басшысының көңіл айту жедел хатын жариялады

АСТАНА, 2 қаң – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысы Шахан кентінде болған төтенше жағдайға байланысты көңіл айтты.

"Мемлекет басшысы Қарағанды облысы Шахан кентінде көп пәтерлі үйдің кіреберісі құлап, адам шығынына әкеп соқтырғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Қазақстан Президенті қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді", — делінген Ақордада жарияланған хабарламада. 

Шахан кентінде үйдің опырылып түсуі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шахандағы апат: оқ дәрі бөшкесіндегі өмір

Елбасы Қарағанды облысының әкіміне, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдарға зардап шеккен тұрғындардың бәріне жан-жақты көмек көрсету үшін тиісті шаралар қабылдап, төтенше оқиғаның себебін анықтау жөнінде тапсырма берді.

Төтенше жағдай 2017 жылдың алғашқы күні сағат 22.40-та орын алды: Шахан кентіндегі 60 пәтерлі тұрғын үйдің подъездерінің біріндегі жертөледе бу қазандығы жарылды. Подъезд қирады. Жалпы 15 пәтер зардап шекті. Үйдің аман қалған бөлігінің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп, үйіндіні тазалауға кірісті. Соңғы деректерге сәйкес, тоғыз адам қаза тапқан:  үш ер адам, үш әйел кісі, үш бала. Екі бүлдіршін 2016 жылы туылған, біреуі – 2010 жылғы сәби.

Қалалық әкімдіктің деректеріне сәйкес, апат кезінде үйде 118 тұрғын болған. Жарылыс салдарынан зарда шеккен зардап шеккен төртінші подъезде 30-ға жуық адам болған.  


Жаңалықтар
0