АСТАНА, 5 қаң – Sputnik. Жер сілкінісі бесінші қаңтар күні сағат 7:32-де тіркелді деп хабарлайды Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция сайты.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматыдан шығысқа қарай 266 шақырым жерде орналасқан. Энергетикалық класы – 9.9, магнитудасы – 4.3.
Эпицентр 20 километр тереңдікте болған, сезілуі туралы ақпарат жоқ.