Оқиға

"Сарыарқа" елордалық ауданы әкімінің орынбасары ұсталды

© AP Photo / Moises CastilloҚамауға алу
Қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Сарыарқа" ауданы әкімінің орынбасары өзінің қарауындағы компаниялардың мүддесін қолпаштаған

АСТАНА, 5 қаң – Sputnik. "Сарыарқа" ауданы әкімінің орынбасары Акчурин Р. заңсыз кіріс алып, лауазымды тұлғаларға пара берді деген күдікпен ұсталды деп хабарлады Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы.

Тергеу изоляторы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Минскідегі Қазақстан елшілігінің қызметкеріне қаражат қымқырды деген күдік келтірілді

Акчурин Р. Астана әкімшілігінің "Астана Тазалық" ЖШС бас директорымен қылмыстық келісімге келіп, "СБС-Снаб Сервис" ЖШС және "Install Service Com" ЖШС құрып, 2016 жылы механикаландырылған тазалық және санитарлық тазалық бойынша жалпы сомасы 1,8 миллиард теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу конкурстарын заңсыз жолмен жеңгізіп отырған, сонымен қатар заңсыз кіріс алған.

Бұдан бөлек, Акчурин Р. өзінің қарауындағы компаниялардың мүддесін қорғау үшін әкімшіліктің лауазымды тұлғаларына бірнеше мәрте пара берген.

Қазіргі уақытта Акчурин Р. ҚР ҚК 128 бабы бойынша Астана ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот алды тергеу ісі жалғасуда. 

Жаңалықтар
0