Оқиға

Ақтөбеде "жеткіншек джихады" туарлы іс қаралды

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуТерроризм
Терроризм - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеті адам терроризм және ұлыттық алауыздық туғызу баптары бойынша сотталды

АСТАНА, 6 қаң — Sputnik. Ресей аумағында террористік акт жасауды жоспарлаған Ақтөбедегі лаңкестік топтың кәмелет жасқа толмаған және ересек қатысушыларына алты жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Қазақстандық әскерилер - Sputnik Қазақстан
Саясат
Сарапшылар: лаңкестерді тіркеумен түгел қолға түсіру мүмкін емес

Сот материалдарына сәйкес, Ақтөбе тұрғыны С.Р. Құдайбергенов шетелдегі діни экстремизм уағыздаушыларының радикал көзқарастарын қолдай отырып, РФ құқық қорғау органдары мен Ресей Федерациясының азаматтарына қарсы қарулы жиһад жасау үшін террористік топ құрмақ болған. Осы мақсатта ол өткен жылғы 19 тамызында өзінің жақтаушылары Қ.С.Есенғұловпен, Г.А.Боранбаевпен, кәмелетке толмаған Е.Н.Болатбаевпен және Н.Сейітқалимен жалдамалы пәтерде жиналып, ол сол жерде келген адамдарды террористік топ құруға шақырған. 

"Сонда қатысушылар Құдайбергеновті террористік топтың "әмірі", ал Балтабаевты – қазынашы етіп сайлаған. Террористік топты қаруландырып, полиция қызметкерлеріне шабуыл жасау үшін Қдайбергенов үйінен 16 калибрлік патрондары бар екі аңшы қаруын алуды көздеген", — деп хабарлады баспасөз қызметінде. 

Түрме - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ауыл мұғалімі терроризмді насихаттағаны үшін сотталды

Облыстық сотта қос хабарлағандай, сайланған әмір террористік топтың барлық мүшесін Ақтөбедегі жергілікті мектептердің бірінің ауласында жинаған. Онда Д.А.Бисенғали мен кәмелетке толмаған Н.Қ.Сәбитов пен Ә.М.Жалғас келген. Олар террористік топтың құрамына кіруге келісім берген.

Сондай-ақ, іс материалдарына қарағанда, К.С.Есенғұлов "Вконтакте" әлеуметтік желісі арқылы терроризм мен діни экстремизмді насихаттаған. Ол желіге Холид Сейфуллах деген лақап атпен тіркелген. Есенғұлов "Вконтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасында радикал және экстремистік мазмұндағы материалдарды жариялаған.

2016 жылдың 28-30 тамыз айларында өткізілген жедел-іздестіру шаралары барысында Құдайбергенов өзінің жақтаушыларымен бірге ұсталды.

Соттың 2017 жылғы 6 қаңтарындағы үкімімен С.Р.Құдайбергенов ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Ал террористік топтың қалған мүшелері алты жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

 

Жаңалықтар
0