Оқиға

Шымкентте үйдің құлауының мән-жайы белгілі болды

© Sputnik / Асем МиржекееваЖедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құлаған үйдің астынан адамдарды ұлттық ұлан әскери қызметкері Руслан Бахрамов құтқарған

АСТАНА, 8 қаң – Sputnik. Көрші болып тұратын Ұлттық ұланының 6506 əскери бөлімінің қызметшісі старшина Руслан Бахрамов күшті болған жарылысты ести сала далаға жүгіріп шығып, апат орын алған жаққа бет алды, деп хабарлайды Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі. 

Шымкентте үйдің қирауы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шымкентте үйдің құлауынан әйел кісі қаза тапты

Опырылып құлаған үй маңынан жылаған баланың дауысы мен көмекке шақырған адамдардың даусын естілді. Руслан Бахрамов дереу жұбайына жедел жəрдем мен өртке қарсы қызметті шақыртуды өтініп, өзі дауыс шығып жатқан жаққа қарай барады.  

Ол құлаған үйдің үйіндісінің астынан азамат Д.Жұмалиевтің отбасын, яғни Жұмалиев, оның жұбайы жəне оның анасы мен бір жасар қызын шығарып алады. Өкінішке орай Жұмалиевтің жұбайы алған жарақаттарынан көз жұмады.

Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖ Департаментіне Шымкентте жарылыс болып, салдарынан екі қабатты үй опырылды деген хабарлама 8 қаңтарда түнгі сағат 03:55-те келіп түсті. Алдын ала болжам бойынша газ ауаның қоспасы жарылған. Қираған үйдің аумағы 64 шаршы метрді құрайды.


Жаңалықтар
0