20:58 16 Қаңтар 2017
Тікелей эфир
Қару

Шымкент орталығындағы атыс нәтижесінде ер адам көз жұмды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
14 0 0

Оқ ататын қарудан қаза тапқан ер адамның денесі Шымкентте атыс болған жер төңірегінен табылды

АСТАНА, 9 қаң — Sputnik. Шымкенттегі кафелердің біріндегі текетірестің соңы атыспен аяқталды, нәтижесінде бір адам қаза тапты деп хабарлайды Otyrar.kz жергілікті сайты.

Сайттың берген мәліметіне сүйенсек, атыс 9 қаңтар күні Шымкент орталығында болған. Куәгерлердің айтуына қарағанда, бірнеше ер адам "Кәмшат" кафесінде отырып, шекісіп қалады да, ақыры соңы төбелеске ұласады. Сөйтіп, қатысушылардың бірі қаруын шығарып, ата бастайды.

Кафеге демалуға келген қала тұрғындары полиция мен жедел жәрдем шақырған. Келіп жеткен тәртіп сақшылары мен дәрігерлер оқиға орнынан зардап шеккендерді таппады. Оқ ататын қарудан қаза тапқан ер адамның денесін дәрігерлер Тәуке хан және Қазыбек би көшелерінің қиылысынан тауып алды. Қаза тапқан ер адам 1986 жылы туылған, Шымкент қаласының тұрғыны.

Полиция ауыр жарақат алған ер адамның ол жерге қалай жеткенін анықтауда. Қылмыс орнында жедел тергеу тобы мен криминалист мамандар жұмыс істеп жатыр. 

Басты тақырыптар