Оқиға

Павлодар тұрғындары әлеуметтік желілерде қаладағы атыс туралы хабарлауда

© Sputnik / Болат ШайхиновҚоршауға алу
Қоршауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Павлодарлықтар дүйсенбі күні қаланың орталық бөлігінде атыстың дүйсенбіде естігендерін хабарлап жатыр

АСТАНА, 10 қаң — Sputnik. Павлодар тұрғындары әлеуметтік желілерде қаланың орталығындағы атыс туралы хабарлап жатыр. 

Бейресми ақпаратқа сәйкес, атыс дүйсенбі күні кешке Толстой және 1 май көшелері аймағында естілген. 

"Бүгін Павлодарда Толстой көшесінің бойындағы бизнес орталығына қарсы бетте атыс болды. Үш оқ атылды деп жазылуда. Жанында өткен әйел қарудан атты деді. Қалада "Ұстап қалу" жоспары жарияланды. Расталмаған деректерге сәйкес, екі автокөлік —  BMW мен Lexus жол талғамайтын көлігіне іздеу жарияланған", — деп хабарланады  Facebook желісіндегі "Типичный Павлодар" тобында. 

Sputnik Қазақстанға жергілікті тұрғындардың бірінің хабарлауынша, қазіргі уақытта Павлодар көшелерінде полиция патрулі қаптап жүр.  Sputnik Қазақстанда полицияның ресми түсініктемесі жоқ. 

 


Жаңалықтар
0