20:57 16 Қаңтар 2017
Тікелей эфир
дар

Семейде жоғалған қыз асылып қалған күйінде табылды

Flickr/Global Panorama
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
30 0 0

Туыстары қыздың өзіне қол жұмсауына себептің болмағанына сенімді

АСТАНА, 10 қаң — Sputnik.  Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында жоғалған қыз әжесіне тиесілі гаражда асылып қалған күйінде табылды, деп хабарлайды өңірлік YK-news.kz порталы. 

Басылымның хабарлауынша, Семей Диагностика орталығының қызметкері 22 жастағы Нәзгүл Темірханова 15 желтоқсанда жоғалып кеткен. Оның туыстарының ақпаратына сәйкес, қыз бала пойызбен Балықкөл ауылына ата-анасына баруға тиіс болатын. Алайда оларға ол сол күйі жетпеген. Байланысқа да шықпай қойған. Ата-анасы бірден полицияға жүгінеді. Қызды үш аптадай полицейлер мен туыстары іздеген. Қаза тапқан қыздың бауыры Дарханның айтуынша, қыздың мүрдесін 4 қаңтар күні Семейде әжесінің үйінің маңындағы гараждан тапқан. Жақындары Нәзгүл өзіне қол салды дегенге сенбей отыр. 

"Денесі гараждың ішінде болған. Біз онда әзер кірдік. Есікті сүйменмен аштық. Сондықтан біз оның ішіне өзі кіре алмас еді деп ойлаймыз", — деді журналистерге қаза тапқанның туысы. Қыздың туыстары оның өзіне қол салуға себептің болмағанына сенімді. Туыстары немесе жас жігітпен жанжалға келмеген.  


Басты тақырыптар