Оқиға

Атырауда мұғалімді өлтірді деген күдікпен қарауыл қамауға алынды

© AP Photo / Peter Dejongқамауға алу
қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
49 жасар ер адам екі айға қамауға алынып, тергеу изоляторына отырғызылды

АСТАНА, 11 қаң — Sputnik. 5 қаңтарда зорлықпен өлтірілген белгілермен дене шынықтыру пәні мұғалімінің мүрдесі табылған, деп хабарлайды өңірлік "Ақ Жайық" басылымы. 

Кісі өлтіру алдын ала болжам бойынша, бірге ішімдік ішу кезінде орын алған. 

"Қылмыс жасады деген күдікпен осы мектептің 49 жастағы сантехнигі әрі күзетшісі А.И. ұсталды",  - деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

№2 Атырау қалалық соты тергеушінің өтінішін қанағаттандырып, күдіктіге қатысты екі айға қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Күдікті тергеу абақтысына қамалды.


Жаңалықтар
0