Оқиға

Дауылды ескерту: Алматы облысында су тасқындары болуы ықтимал

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтумұз
мұз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Іле өзені дельтасы пайда болған мұз кептелісі су тасқынына әкеліп соқтыруы мүмкін

АСТАНА, 24 қаң — Sputnik. Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланып, жолдар жабылды. 

Дауылды ескерту

Астана қаласында 24-25 тәулік бойы, түнде 26 қаңтарда кей уақытта бұрқасын күтіледі, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

25 қаңтарда Ақмола, Павлодар облыстарында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші  15-20, кей жерлерде 25 күндіз екпіні  30 м/с күтіледі. Кей жерлерде бұрқасын болады.

Іле өзені дельтасы, Жиделі саласында Көктал ауылы маңында пайда болған мұз кептелісі әсерінен төмен орналасқан Жиделі тармағынан 1 км төмен ГБ және Жиделі сағадан 16 км төмен ГБ тұсында су деңгейінің көтерілуі жалғасуда.  Су деңгейі қауіпті белгіге жетті, Ақкөл, Аралтөбе ауылдарында өзеннің арнасынан шығуы және су тасқыны күтіледі.(Алматы облысы)

Жолдардың жабылуы туралы ақпарат

Ауа райының нашарлануына байланысты Астанада, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды  және Павлодар облыстарында автожолдардағы қозғалыс жабылды немесе шектелді. 

Астанда Астана-Щучье автожолының учаскелерінде автокөліктің барлық түрлері үшін жолдар жабылды. Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына орай облыстық маңызы бар Бақыршы-Бұрсақ (0-18 шақырым), Чарск-Бақыршық (0-42 шақырым), Бородулиха — Дмитриевка — Жезкент (0-87 шақырым) Семей — Курчатов (4-130 шақырым)  жолы көліктің барлық түрі үшін жабық. 

Қарағанды облысында Қарағанды – Қарқаралы жолында барлық автокөліктер түрлеріне қозғалыс тоқтатылды. Павлодар облысында 2Шакат-Восточное-Шалдай" (0-121,6) облыстық автожолдар учаскесінде барлық автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.


Жаңалықтар
0