Оқиға

Головкин мен Джейкобстың жекпе-жегі кезінде жанкүйерлер төбелес шығарды

© REUTERS / Noah K. Murray-USA TODAY SportsБой Геннадия Головкина и Дэниела Джейкобса
Бой Геннадия Головкина и Дэниела Джейкобса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желіде төбелестің видеосы жарияланды

АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. "Қазақтар Головкиннің жекпе-жегі кезінде төбелес шығарды" деп аталған ролик Youtube-тегі Bafana TV каналында пайда болды. 

Төбелес Головкин – Джейкобс жекпе-жегінің бірінші мен екінші раундының арасында болған. Видеодан көрермен залындағы екі ер адамның ең алдымен сөзбен шекісіп қалғанын, кейін жұдырықтаса кеткенін көруге болады. Бірақ күзетшілер төбелесті дер кезінде тоқтатады. 

Ал роликтің сыртында орыс тілінде "Біздікілерді ұрып жатыр", "Біздікілер біреулермен шекісіп қалды" деген дауыстар естіледі. 

Айта кетейік, бүгін Геннадий Головкин америкалық спортшы Дэниел Джейкобсті төрешілер шешімімен жеңіп, WBA (Super), WBC, IBO және IBF тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы атағын қорғап қалды. 


Жаңалықтар
0