Оқиға

Таразда көпқабатты үйде жарылыс болды - видео

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуӨрт сөндірушілер
Өрт сөндірушілер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

АСТАНА, 27 ақпан — Sputnik. Таразда таңертең ерте төрт қабатты тұрғын үйде жарылыс болды.

Төтенше жағдайлар комитеті оқиғаны растады, қазір мән-жайы мен себептері анықталуда. 

24.kz мәліметіне сүйенсек, төтенше оқиғаға екінші қабатта газдың жарылуы себеп болған. Бірінші және үшінші қабаттар арасында жабыны опырылып түсіпті. Оқиға орнында дәрігерлер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Бастапқы мәлімет бойынша, екі адам қаза тапқан.

Жаңалықтар
0