Оқиға

"Каспий"–"Қайрат" матчынан кейінгі төбелестің видеосы жарияланды

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қос команда арасындағы матч 10 сәуір күні футболдан Қазақстан кубогы аясында өтті

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір — Sputnik. Ақтауда "Каспий" – "Қайрат" матчы аяқтала салысымен қос команданың жанкүйерлері арасында жанжал шықты.

Lada.kz порталының мәліметінше, алматылық фанаттар ортақ фотоға түскісі келген. Жергілікті жанкүйерлер оған кедергі жасаған. Содан төбелес шыққан. Тәртіп сақшылар дер кезінде араласып, жағдайды реттеді.

 Естеріңізге сала кетейік, "Каспий" мен "Қайрат" арасындағы матч 10 сәуір күні футболдан Қазақстан кубогы аясында өтті. Матчтан кейінгі пенальтиде алматылықтардың жолы болды. Кездесуде 5:6 есебімен "Қайрат" жеңіске жетті.

Жаңалықтар
0