Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Қар "маһшары": Алматыда толассыз жауған қар

Жазылу
Алматыда бес күн бойы жауған қар қала тұрғындарының ешқайсысын бей-жай қалдырмады. Кейбіреулер табиғаттың осы бір көл-көсір сыйын қуана қарсы алып, жас балаша мәз болса, қалған жұртшылық, әсіресе автокөлік мінерлер мен коммуналдық қызметтер үшін бұл ауа райы қатал сынақтан кем түспеді.

Негізінде зардап шеккен жалғыз алматылықтар ғана емес, қазақстандықтардың басым көпшілігі, өйткені елдің әр түрлі өңірлерінде бұл мезгілде бұрын-соңды болмаған қатты аяз орнықты. Отандастарымызға тілер тілегіміз біреу-ақ: шыдаңдар, халайық, жаздың ауылы алыс емес! Бірдеме қылып қыстап шығармыз!

Алматы ауа райының тауқыметі туралы біздің фотолентадан тамашалаңыздар. 


© Photo : galinkadikova / страница в InstagramАлматылық автокөлік жүргізушілері биылғы жауған қардан тәуір-ақ шабыт алды. Қалың қарды келемеждеп, қиялдарына ерік берді.
Алматыда жауған қар - Sputnik Қазақстан
1/15
Алматылық автокөлік жүргізушілері биылғы жауған қардан тәуір-ақ шабыт алды. Қалың қарды келемеждеп, қиялдарына ерік берді.
© Photo : Елена Мустафина/аккаунт в соцсети ВКонтактеМына сурет авторының қуанышы қойнына сыймады: "Алақай! Қар жауып тұр! Алматыда қалың қар жауады! Қар еріп кетпей тұрғанда, Жаңа жылды тойлап алғанымыз жөн шығар", - деп жазды ол жеке парақшасында.
Алматыда жауған қар - Sputnik Қазақстан
2/15
Мына сурет авторының қуанышы қойнына сыймады: "Алақай! Қар жауып тұр! Алматыда қалың қар жауады! Қар еріп кетпей тұрғанда, Жаңа жылды тойлап алғанымыз жөн шығар", - деп жазды ол жеке парақшасында.
© Photo : Алина Малина/аккаунт в соцсети ВКонтактеМынау тағы бір қолданушының жазған пікірі: "Алматыда жауған қардың суретін нағыз көк жалқау ғана салмаған шығар. Мен де ерінбеймін! Бүкіл жаңалықтар таспасы жауған қар туралы ақпаратқа толып тұр, ал такси шопырлары ар-ұят дегеннен жұрдай болды. Қарды тазартайын деп жатқан ешкім жоқ. Тосыннан жауған қар елдің екі аяғын бір етікке тықты...", - дейді сурет атворы.
Алматыда жауған қар - Sputnik Қазақстан
3/15
Мынау тағы бір қолданушының жазған пікірі: "Алматыда жауған қардың суретін нағыз көк жалқау ғана салмаған шығар. Мен де ерінбеймін! Бүкіл жаңалықтар таспасы жауған қар туралы ақпаратқа толып тұр, ал такси шопырлары ар-ұят дегеннен жұрдай болды. Қарды тазартайын деп жатқан ешкім жоқ. Тосыннан жауған қар елдің екі аяғын бір етікке тықты...", - дейді сурет атворы.
© Photo : Мадико Ахметжанова / аккаунт в соцсети ВКонтактеАйтпақшы, Алматы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл күндері коммуналдық қызметтер қала көшелерін көлемі 53 мың метр кубтан астам қардан тазартыпты.
Алматыда жауған қар - Sputnik Қазақстан
4/15
Айтпақшы, Алматы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл күндері коммуналдық қызметтер қала көшелерін көлемі 53 мың метр кубтан астам қардан тазартыпты.
© Photo : Stiv Ru/аккаунт в соцсети ВКонтактеБұл мерзімде оңтүстік елордада жауған қардың қалыңдығы 57 сантиметрге жетті.
Алматыда жауған қар - Sputnik Қазақстан
5/15
Бұл мерзімде оңтүстік елордада жауған қардың қалыңдығы 57 сантиметрге жетті.
© Photo : Диана Исаева аккаунт в соцсети ВКонтактеАуа райының бұлайша құбылуы қала тұрғындарын қолға күрек алып, көшелерді тазартуға кірісуге мәжбүр қылды.
Алматыда жауған қар - Sputnik Қазақстан
6/15
Ауа райының бұлайша құбылуы қала тұрғындарын қолға күрек алып, көшелерді тазартуға кірісуге мәжбүр қылды.
© Photo : Елена Мустафина/аккаунт в соцсети ВКонтактеӘдетте қар күреуді қала қызметтері мен ПИК жұмысшыларына қалдыратын көптеген алматылықтар көшелерді қардан тазартуға белсене кірісті.
Алматыда жауған қар - Sputnik Қазақстан
7/15
Әдетте қар күреуді қала қызметтері мен ПИК жұмысшыларына қалдыратын көптеген алматылықтар көшелерді қардан тазартуға белсене кірісті.
© Photo : сообщество Метеодневник | Природа в соцсети ВКонтактеБаспасөз қызметінің мәліметінше, қалада жауған қардың қалыңдығы 57 сантиметрге жеткен.
Алматыда жауған қар - Sputnik Қазақстан
8/15
Баспасөз қызметінің мәліметінше, қалада жауған қардың қалыңдығы 57 сантиметрге жеткен.
© Photo : сообщество Метеодневник | Природа в соцсети ВКонтактеЖексенбі күнгі ахуал бойынша, білім беру, денсаулық сақтау және ПИК нысандарында қар күреуге 9,1 мыңнан астам жұмысшы кірісті.
Алматыда жауған қар - Sputnik Қазақстан
9/15
Жексенбі күнгі ахуал бойынша, білім беру, денсаулық сақтау және ПИК нысандарында қар күреуге 9,1 мыңнан астам жұмысшы кірісті.
© Photo : сообщество Метеодневник | Природа в соцсети ВКонтактеОсы аптада жауған жауын-шашын мөлшері бұл мерзімдегі нормадан әлдеқайда асып кетті.
Алматыда жауған қар - Sputnik Қазақстан
10/15
Осы аптада жауған жауын-шашын мөлшері бұл мерзімдегі нормадан әлдеқайда асып кетті.
© Photo : aikyn/страница в InstagramҚазақстандық әнші Айқын Төлепберген Алматыда жауған қар туралы суретін әлеуметтік желіде жариялады.
Алматыда жауған қар - Sputnik Қазақстан
11/15
Қазақстандық әнші Айқын Төлепберген Алматыда жауған қар туралы суретін әлеуметтік желіде жариялады.
© Photo : Клара Есиркепова/аккаунт в соцсети ВКонтактеАлматыда жауған қар
Алматыда жауған қар - Sputnik Қазақстан
12/15
Алматыда жауған қар
© Photo : Мадина Мелдеханова / аккаунт в соцсети ВКонтактеАлматылық автокөлік жүргізушілерге оңай болмады. "Көлігімді әрең дегенде таптым. Ені оны қардан аршып алу да оңай болмас. Әйтеуір, көршімдікі емес, өз мәшинем шығар", - деп жазады ғаламтор қолданушысы қар астында қалған көлігі туралы.
Алматыда жауған қар - Sputnik Қазақстан
13/15
Алматылық автокөлік жүргізушілерге оңай болмады. "Көлігімді әрең дегенде таптым. Ені оны қардан аршып алу да оңай болмас. Әйтеуір, көршімдікі емес, өз мәшинем шығар", - деп жазады ғаламтор қолданушысы қар астында қалған көлігі туралы.
© Photo : akabiyev/страница в InstagramӘзілқойлар да қалыс қалмады. "Ок, Гугл. Көлігім қайда?", - деп қалжыңдайды алматылықтар қар астында көміліп қалған көліктердің суретін жариялап.
Алматыда жауған қар - Sputnik Қазақстан
14/15
Әзілқойлар да қалыс қалмады. "Ок, Гугл. Көлігім қайда?", - деп қалжыңдайды алматылықтар қар астында көміліп қалған көліктердің суретін жариялап.
© Photo : Анель Апи/аккаунт в соцсети ВКонтактеТабиғи құбылысқа таң қалған Алматы тұрғындары бұл күндері қолшатырларын тастамай жүрді. Жаңа апта басталғалы қар аздап толастады. Алайда әлеуметтік желіде қалың қар туралы гу-гу әңгіме таусылар емес.
Алматыда жауған қар - Sputnik Қазақстан
15/15
Табиғи құбылысқа таң қалған Алматы тұрғындары бұл күндері қолшатырларын тастамай жүрді. Жаңа апта басталғалы қар аздап толастады. Алайда әлеуметтік желіде қалың қар туралы гу-гу әңгіме таусылар емес.
Жаңалықтар
0