20:55 16 Қаңтар 2017
Тікелей эфир
Мультимедиа

Елбасы БҰҰ бас хатшысын Қазақстанға шақырды

Қысқа сілтеме алу
18 0 0
© Foto: ҚР президентінің баспасөз қызметі

Нұрсұлтан Назарбаев Антониу Гутерришке БҰҰ-ның бейбітшілікті сақтау мәселелерінде Қазақстанның қолдауына толық сенім артуға болатынын айтты.

АСТАНА, 23 қар — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев А.Гутерришті БҰҰ-ның Бас хатшысы қызметіне сайлануымен құттықтады деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар біздің республиканың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелігі аясындағы Қазақстан мен БҰҰ арасындағы табысты ынтымақтастықтың жалғаса беретініне сенім білдірді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев А.Гутерриштің әлемде қалыптасқан қазіргі уақыттағы күрделі геосаяси жағдайда қызмет атқаруына тура келетінін айтты.

"Бас хатшы лауазымындағы ауқымды жұмысыңыз барысында Қазақстанның қолдауына толық сенім арта аруыңызға болады", – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті еліміз бен БҰҰ арасында сенімді және сындарлы қарым-қатынас орнағанына тоқталып өтті.

А.Гутерриш БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары лауазымында қызмет атқарған кезінде көрсеткен ілтипаты үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, өзара тиімді іс-қимыл одан әрі жалғаса  береді деп үміттенетінін жеткізді.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев А.Гутерришті Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

  • Бішкек түбіндегі ұшақ апаты: ТЖ орнында түсірілген кадрлар
    Последнее обновление: 12:15 16.01.2017
    12:15 16.01.2017

    Бішкек түбіндегі ұшақ апаты: ТЖ орнында түсірілген кадрлар

    Қырғызстанда "Манас" әуежайына жақын орналасқан Чуй облысы Сокулук ауданы Дача-Суу ауылында жүк ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ құлаған жерде түсірілген кадрларды бейнежазбадан қараңыздар

    7
  • Алеппода көше базары ашылды
    Последнее обновление: 09:30 16.01.2017
    09:30 16.01.2017

    Алеппода көше базары ашылды

    Содырлардан азат етілген сириялық Алеппода соғысқа байланысты екі жылдай тоқтап қалған әйгілі көше базары ашылды. Бейнеден атыстардан кейін қалпына келтірілген көшелерде адамдардың тауарлады қалай таңдап жатқанын көріңіздер.

    3
  • Л. И. Брежнев КП ОК және Қазақ КСР ЖК отырысында
    Последнее обновление: 17:48 12.01.2017
    17:48 12.01.2017

    Алып тұлға: Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 105 жыл

    Тура 105 жыл бұрын, сонау 1912 жылы Верный қаласында, қазіргі Алматы, Дінмұхамед Менліахметұлы Қонаев дүниеге келді.

    83
    7
  • Live: Қазақстандағы уақытша тіркелу туралы баспасөз мәслихаты
    Последнее обновление: 11:28 12.01.2017
    11:28 12.01.2017

    Live: Қазақстандағы уақытша тіркелу туралы баспасөз мәслихаты

    Сарапшылар мен шенеуніктер Қазақстандағы уақытша тіркелуге қатысты сұрақтарға жауап береді

    15

Басты тақырыптар