Видео

Содырлар РФ Қорғаныс министрлігінің госпиталін атқылады

Жазылу
Сириялық Алеппода дүйсенбі күні кешке халықты қабылдау кезінде Ресей Қорғаныс министрлігінің мобилді госпиталінің медициналық қалашығына шабуыл жасалды. Оқиға нәтижесінде екі ресейлік медбике қаза тапты, бірнеше адам жараланды.

Алеппо - Sputnik Қазақстан
Әлем
Сирия әскері Алеппоның солтүстік шығысын толық бақылауға алды
Тағы бір медициналық қызметкердің өмірі үшін дәрігерлер жан аямай күресуде. Госпиталге қаралуға келген жергілікті халық та зардап шекті. Сонымен қатар, RT араб телеарнасының тілшісі Сомар Абудияб жараланды деп хабарлайды РИА Новости.

"Біздің әскери қызметкерлердің қаны осы шапқыншылықты ұйымдастырғандардың мойнында. Бұған кінәлі осы айуандарды қару-жарақпен қамтамасыз етіп, ел-жұрттың алдында айыбын жуып-шаю үшін "оппозиция" деп ат қойғандар. Иә-иә, сіздер айыптысыздар, АҚШ, Ұлыбритания, Франция және басқа да елдерден лаңкестерді қолдап отырған ұйымдар", — деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі, генерал-майор Игорь Конашенков.

Қалаға жуырда келген дәрігерлер азат етілген шығыс Алепподағы жергілікті халыққа жәрдем беріп жатқан еді. Мобилді госпиталдің құрамына балалар және хирургиялық бөлім, рентген-бөлмесі және зертхана кіреді. Мамандар арасында  балалар дәрігері мен акушерлер бар. 

Жаңалықтар
0