Саясат

Өтініш түскен жағдайда Қазақстан Атамбаевқа көмек көрсетуге әзір

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуҚырғыз президенті Алмазбек Атамбаев
Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өтініш түскен жағдайда, Түркияда жүрек сырқатына байланысты ауруханаға жатқызылған Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевқа, Қазақстан көмек көрсетуге әзір, деп хабарлады Sputnik агенттігіне ҚР сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Мухтар Тілеуберді.

АСТАНА, 21 қыр — Sputnik. Өтініш түскен жағдайда, Түркияда жүрек сырқатына байланысты ауруханаға жатқызылған Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевқа, Қазақстан көмек көрсетуге әзір, деп хабарлады Sputnik агенттігіне ҚР сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Мұхтар Тілеуберді.

Алмазбек Атамбаев - Sputnik Қазақстан
Қырғызстан президенті тексерілуден өтіп, Стамбулда тоқтады

Сыртқы істердің бірінші вице-министрі Тілеуберді қазіргі уақытта Қазақстан тарапынан Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-ші сессиясына қатысып жатқан СІМ башысы Ерлан Ыдырысовтың міндетін атқаруда.

Оның атап өтуінше, Атамбаевм пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев арасында "өте жылы жеке достық қарым-қатынас" орнаған.

"Сондықтан, біздің мемлекет басшымыз да, біздің барлық саясаткерлеріміз де, сыртқы істер министрлігі де оның тездетіп сауығып кетуін тілейді", — деді Тілеуберді агенттікке.

"Әрине, қырғыз тарапынан белгілі бір көмек көрсету туралы өтініш түсіп жатса, біз әрдайым көмек көрсетуге дайынбыз", — деді ол.

Жаңалықтар
0