Саясат

Путин өңіраралық форумға қатысу үшін Астанаға келді

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуВладимир Путин.
Владимир Путин. - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей президенті Владимир Путин Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Қазақстанның елордасы Астанаға келді. Сонымен қатар ол республика басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі.

АСТАНА, 4 қаз – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Қазақстанның елордасы Астанаға келді. Сонымен қатар ол республика басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі.

Нурсултан Назарбаев и Владимир Путин - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев пен Путин ЕурАзЭО аясындағы өзара әрекеттесуді талқылайды

Кремльдің баспасөз қызметі хабарлағандай, екі мемлекет басшылары екі жақты келіссөздер өткізіп, олардың барысында ресейлік-қазақстандық қарым-қатынастардың өзекті мәселелері мен Еуразиялық экономикалық одақ пен өзге өңірлік бірлестіктер аясындағы интеграция мен өзара әрекеттесу мәселелерін талқылайды.

Кездесу қорытындылары бойынша көшбасшылар екі елдің ірі кәсіпкерлерінің қатысуымен өтетін Ресейлік-Қазақстандық бизнес форумға қатысады.

Содан кейін мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресейдің XIII Өңіраралық ынтымақтастығының форумына қатысады. Іс-шараның негізгі тақырыбы — "Еуразиялық кеңістіктің көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту".

Жаңалықтар
0