Саясат

Назарбаев сырқатынан кейін алғашқы жұмыс кездесуін өткізді

Жазылу
Қазақстан президенті сырқатына байланысты 11 қазаннан бері ем қабылдап жатқан болатын.

АСТАНА, 14 қаз — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бас прокурор Жақып Асановты қабылдады деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Асанов Мемлекет басшысына құқық қорғау органдарының жұмысы жөнінде мәлімдеп, «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру жолындағы тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады.

Дариға Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дариға Назарбаева: президенттің денсаулығы жақсарып қалды

Қазақстан Президенті заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ ел тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. 

Сейсенбі күні 11 қазанда Ақорданың баспасөз қызметі Елбасыға салқын тиіп қалғандықтан, ем қабылдауда деп хабарлаған болатын. Сырқатына байланысты Армения мен Әзербайжанға іссапары кейінге қалдырылған еді. Қазан айының соңында Назарбаев Сауд Арабиясына іссапармен баруды жоспарлап отыр. 


Жаңалықтар
0