21:00 16 Қаңтар 2017
Тікелей эфир
Қырғызстан парламенті

Қырғызстан парламенті референдум күнін 11 желтоқсанға белгіледі

РИА Новости
Саясат
Қысқа сілтеме алу
10 0 0

Ел Конституциясын өзгерту бойынша референдум өткізу туралы құжатты Қырғызстан парламенті басым дауыспен қабылдады. Заң жобасы президенттің қарауын жолданды.

АСТАНА, 2 қар — SputnikАСТАНА, 2 қар — Sputnik. Сәрсенбі күні Қырғызстан Жогорку Кенеш (парламент) үшінші оқылымда Конституцияны өзгерту бойынша референдум тағайындау туралы заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан

Құжатты 90 депутат қолдап, 15 депутат "қарсы" дауыс берді. Осылайша, Жогорку Кенеш Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумді осы жылғы 11 желтоқсанға тағайындауды мақұлдады. Заң жобасы Қырғызстан президентінің қарауына жіберілді.

Бұдан бұрын 2016 жылғы қазан айында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев "Қырғыз Республикасының референдумі туралы" Конституциялық заңға қол қойған. 

 

 

Басты тақырыптар