Саясат

Білім министрлігінің шенеунігін Иранға барып келгені үшін жұмыстан шығармақ

© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтуМемлекеттік қызметкер портфелі
Мемлекеттік қызметкер портфелі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің этика жөніндегі комиссиясы жұма күні білім және ғылым министрлігінің ғылым жөніндегі Комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Құсайнованы ведомствоның жауапты хатшысының рұқсатынсыз Иранға барғаны үшін жұмыстан шығаруға шешім қабылдады.

АСТАНА, 11 қар — Sputnik.  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің этика жөніндегі комиссиясы жұма күні білім және ғылым министрлігінің ғылым жөніндегі Комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Құсайнованы ведомствоның жауапты хатшысының рұқсатынсыз Иранға барғаны үшін жұмыстан шығаруға шешім қабылдады.

Секунд өлшеуіш - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жан-жақты бақылау: ҚР мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстағы үзілісі есепке алынады

Кикілжіңнің мәні мынада, ғылым жөніндегі комитет Иран ислам мемлекетімен елордалық Оқушылар сарайында екі нанотехнолгиялық зертхана салу туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Сол жерде комитет төрағасының орынбасары келіссөзді биылғы жылы Ислам республикасында жалғастырып, жолай халықаралық форумға қатысуға шақырту алған. Иран еліне іссапарды иран тарабы қаржыландырған, бұл жайт Құсайнованың мемлекеттік қызметтің беделін түсіргендігіне қосымша дәлел болды.

БҒМ-де де көрінбейтін фронт жауынгерлері бар

Комитет басшысы орынбасарына тағылған айыптың басты себебі оның шетелдегі сапарларын келістірудің бекітілген тәртібін бұзуы болып табылады. Иранға аттану үшін білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әмірхан Рахымжановтың рұқсатын алуы тиіс еді. Ол кісі рұқсат бермегендіктен, Ләззат Құсайынова демалыс алып, Иранға кетіп қалған. 

Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақтөбеде жоғары қызметтегі шенеунік пен жұбайы сотталды

"Ғылым жөніндегі комитет басшысының орынбасары жауапты хатшы номенклатурасына тиісті, С1 категориялы, сондықтан жауапты хатшы ғана шетелге шығуға рұқсат бере алады, ал ол қызметкерді шетелге, оның үстіне Иранға жіберуді қажет деп таппай өтінішті қарастырмаған, — деді БҒМ этика жөніндегі комиссиясының уәкілі Нұрсейіт Байжанов. – Иранның қандай мемлекет екенін білесіздер, ол жағын айтпай-ақ қояйын. Ғылым жөндегі комитетте әртүрлі технологияларға қатысты бірнеше қатар қолданыстағы ұйымдар бар, оның ішінде әскери мақсаттағылар да кездеседі. Оның бұл ұйымдарға тікелей қатысы болмаса да, осы ұйымдарда қызмет ететін адамдармен араласуға мүмкіндігі болды. Сол себепті қызметтік міндетіне байланысты кейбір мәселелер жайында хабардар болуы мүмкін еді", — деді ол.

Әйтеуір, бітпейтін шиеленіс

Бас прокурор Жақып Асанов - Sputnik Қазақстан
Бас прокурор: шенеуніктерді "қинайтын" кез келді

Жұмыстан шығарылған орынбасардың бұған қатысты өзі пікір бар. Оның ойынша, ол демалыс кезінде Иранға барып, ешқандай тәртіп бұзбаған, өйткені адам басшылығымен кеңеспей-ақ, қайда барып дем алам десе де, өзі біледі. Сондай-ақ, Құсайынованың пайымдауынша, ведомствода басшылықтың ауысуына байланысты оны тезірек қызметтен кетіру үшін ісін комиссияның қарауына тапсырған. Ал, қатар қолданыстағы технологиялармен айналысатындарға қатысы жайлы Құсайынова былайша түсіндірді. Ирандық форум аясында наноөнімдерді сертификаттау мен стандарттау мәселелері, наноматематика, нанофизика, нанохимия бойынша оқушыларға берілетін тапсырмаларға талапты күшейтіп, балалардың білімін артттыру мәселелері талқыланған. Мұндай форумда мемлекеттік құпияны жариялау мүмкін емес дейді комитет төрағасының орынбасары. 

Жаңалықтар
0