Саясат

Салықшы Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

© SputnikМинистерство обороны РК
Министерство обороны РК - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің жаңа орынбасары ел өңірлері мен Астананың салық органдарында басшылық қызметтерін атқарған.

АСТАНА, 1 жел – Sputnik.  Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысын ҚР қорғаныс министрінің жаңа орынбасары етіп тағайындады, делінген Ақорда сайтында жарияланған хабарламада.  

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды", — делінген Ақорданың хабарламасында. 

Астана мемлекеттік кірістер департаментінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Сқақов Әбілқайыр Бақтыбайұлы 1974 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. 1995 жылы Ақмола қаржы-экономикалық техникумын Салық бойынша қаржыгер мамандығы бойынша біліктілігiн алған; 2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін Экономист-қаржыгер мамандығы бойынша біліктілігi алған; 2004 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын тәмамдап, Бакалавр-заңгер мамандығына ие болған. 

Әр жылдары  Павлодар облысы Қашыр ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы, Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің бастығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Даму және жаңғырту департаментінің директоры қызметтерін атқарған. 2014 жылдың қараша айынан Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болған.  


Жаңалықтар
0