Саясат

Назарбаев Мирзиеевті Өзбекстан басшысын сайлаудағы жеңісімен құттықтады

© Photo : пресс-служба министерства обороны РКФлаги Казахстана и Узбекистана
Флаги Казахстана и Узбекистана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президенттің міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеев президенттік сайлауда 88%-дан астам дауыс жинап, қарсыластарын үлкен алшақтықпен жеңді.

АСТАНА, 5 жел — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев  Шавкат Мирзиеевті Өзбекстан Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарланады Ақорданың Твиттердегі парақшасында.

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  Шавкат Мирзиеевті Өзбекстан Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады", — делінген хабарламада.

Дүйсенбі, 5 желтоқсанда Өзбекстан басшысын сайлауда дауыс санау жүргізілді. Шавкат Мирзиеев 88,61% дауыс жинап, жеңіске жетті.


Жаңалықтар
0