Саясат

ІІ Елизавета патшайымы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады

© Photo : официальный сайт президента РКҰлыбритания патшайымы ІІ Елизавета
Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ІІ Елизавета патшайымы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына екі тілде құттықтау жолдады

АСТАНА, 15 жел — Sputnik. Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты елдің ширек ғасырлық мерей тойымен құттықтады. 

Жоғары Мәртебелі Ханшайым II Елизаветаның Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығын атап өтуге орай жолдауын ағылшын дәстүрінде екі тілде Ұлыбританияның Астанадағы елшілігі Facebook желісіндегі ресми парақшасында жариялады.

"Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтетін жылы осы маңызды мерекемен құттықтап, жылы лебіз білдіру мен үшін ерекше мәртебе. Сізге және Қазақстан халқына алдағы жыл тек табыстар әкелсін деген ізгі тілегімді қабыл алыңыз", — делінген құттықтау жолдауында. 


Жаңалықтар
0