Саясат

Роухани Назарбаевқа ИИР-ның санкциядан босатылуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновИран президенті Хасан Роуханидің Қазақстанға сапары
Иран президенті  Хасан Роуханидің Қазақстанға сапары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Иран президенті Қазақстанға кеше кешкісін келген болатын.

АСТАНА, 22 жел – Sputnik. Иран ислам республикасының президенті Хасан Роухани Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Иранн бейбіт ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздер мен халықаралық санкцияның алынуына қосқан үлесін атап өтті. 

"Иран мен алтылықтың арасында келісім орнатудағы ерекше рөліңіз бен ортақ іс-әрекеттерді жүзеге асыру жоспарындағы айрықша орныңызды атап өткім келеді. Және де бейбіт атом саласында Иран мен Қазақстанның ізгілікті ынтымақтастығы үшін алғысымды білдіремін", — деді Роухани бейсенбі күні Назарбаевпен өткізген келіссөздер барысында.

Иран басшысының айтуынша, осы іссапарының мақсаты "өзара қарым-қатынасты әрі қарай дамытуға кедергі келтіретін кейбір мәселелерді шешу" болып табылады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық тараптың "ирандық делегация қойған барлық мәселелерді шешуге дайын екендігін" мәлімдеді.

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана Иран президентін аязды ауа райымен қарсы алaды

"Менің пікірімше, сіздің бүгінгі іссапарыңыз – биыл сәуір айында Тегеранда өткен келіссөздердің жалғасы. Бұл кездесу де оң нәтижелер береді деп санаймын: менің іссапарым аясында жалпы сомасы 1 миллиард долларға коммерциялық келісімдер жасалған болатын, бұл жұмыстар әрі қарай жалғасын тауып жатыр. Көпшілігі жүзеге асырылуда, алдағы істер үшін де күш біріктіріп, жұмыла кірісуіміз керек", — деді Назарбаев.

Жаңалықтар
0