Саясат

Қазақстан VIP-тұлғаларының оққағары полицейлермен жұмысқа тартылды

© Sputnik / Сергей Пятаков / Медиабанкке өтуКүзет
Күзет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аманғали Баталов қазақстандық арнайы қызметтің құрылуының басында тұрған күш құрылымдарының шағын тобына танымал.

АСТАНА, 24 жел – Sputnik. Қазақстан бірінші басыларының бұрынғы оққағары, арнайы қызмет ардагері Аманғали Баталов Алматы облысы полицейлерінің әскери дайындығына қатысатын болады, деп хабарлайды Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Қазақстанның арнайы қызметі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ҰҚК арнайы операция барысында 33 адамды ұстады

Аманғали Баталов қазақстандық арнайы қызметтің құрылуының басында тұрған күш құрылымдарының шағын тобына танымал.  

Ол "Альфа" КСРО МҚК арнайы мақсаттағы бөлімінде, ҚР ҰҚК "Арыстан", ҚР ІІМ "Сұңқар", ПҚҚ-да (Президентті қорғау қызметі) қызмет етті. Оның террористер басып алған тұтқындарды босату бойынша жасаған әдістемесі отандық арнайы мақсат бөліністері мен шетелдердің арнайы қызметінде оқу құралы ретінде пайдаланылады. 

"Аманғали Баталов Алматы облысының полицейлеріне жауынгерлік және қызметтік даярлық бойынша көмек көрсетеді. Сондай-ақ, "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлінісі мен Жедел қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлеріне қажетті өзінің бай тәжірибесімен бөлісетін болады", — делінген хабарламада.

© Photo : Алматы ІІД баспасөз қызметі Арнайы қызмет ардагері Аманғали Баталов
Арнайы қызмет ардагері Аманғали Баталов  - Sputnik Қазақстан
Арнайы қызмет ардагері Аманғали Баталов

Сонымен қатар, ол "Айбын" және 1992 жылы ақпан айында Шымкент қаласында түрмеден қашып кеткен қылмыскерлер тұтқындаған тұлғаларды босату бойынша арнайы операцияны сәтті аяқтағаны үшін алған Президенттің Құрмет грамотасы сияқты көптеген өкіметтік наградаларға ие. 

"Әйгілі ардагердің өмірбаяны кинофильмдер мен кітаптар жазуға болатын деректерге толы. Ол 300-ден аса жауынгерлік операцияларға қатысты, көптеген жылдар бойы күштік құрылымдарда және мемлекеттің бірінші басшыларын қорғауға қызмет етті. Жеке құрамның осындай өмірлік және кәсіби тәжірибесі бай адаммен кездесуі қызметкерлер үшін өздерінің кәсіби деңгейін арттыруға өте пайдалы", — деп баяндады Алматы облысы ІІД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Ұрұмханов.


Жаңалықтар
0