Саясат

Елбасыға Астанада Биг-Бен сағатының аналогын тұрғызуды ұсынды

© Sputnik / Андрей Попов / Медиабанкке өтуБиг Бен (Лондон)
Биг Бен (Лондон) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана Лондон мен Мәскеуден кейін қалмауы тиіс: жеке сағат мұнарасын тұрғызуды ұсынды ел президентіне қазақстандықтардың бірі

АСТАНА, 29 жел — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа британдық  Биг-Бен сағатының аналогын тұрғызуды ұсынды, деп хабарлады бейсенбіде Ақордданың баспасөз қызметі. 

Астанадағы үлкен сағат - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Астанадағы үлкен сағат Гиннес рекордына кіруі мүмкін

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шет елдердің мемлекет басшыларынан, өкілді органдардың депутаттарынан, шетелдік және қазақстандық мемлекеттік, қоғамдық және іскер ұйымдар жетекшілерінен, түрлі партиялардың басшылары мен мүшелерінен, зиялы қауым өкілдерінен, еліміздің шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларынан, сондай-ақ Қазақстанның, алыс-жақын шетел азаматтарынан көптеген хаттар келіп түскен.

Мәселен, Н.Әмзеев деген азамат өз хатында республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай елордада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің сағатты мұнарасын тұрғызуды ұсынады.

"Ағылшындарда Биг-Бен – Вестминстер сарайының сағатты мұнарасы, ресейліктерде Мәскеу Кремлінің Спасск мұнарасында сағат бар. Біздің де өзіміздің сағатымыз болар еді. Осылайша жер бетінде тағы бір бүкіләлемдік сағатты мұнара бой түзер еді", – дейді хат иесі.

Мемлекет басшысы өз атына келіп түскен барлық хаттармен мұқият танысып шықты және барша хат иелеріне жылы лебіздері мен құттықтаулары үшін алғыс білдірді, деп түйді баспасөз қызметінде.


Жаңалықтар
0