Саясат

Міне бітті: Қазақстанның Хорватиядағы елшісі Аслан Мусин зейнетке шықты

Жазылу
2017 жылғы 2 қаңтарда 63 жасқа толған Қазақстанның Хорватиядағы елшісі Аслан Мусин зейнетке шықты

АСТАНА, 4 қаң – Sputnik. Қазақстан Республикасының Хорватия, Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы елшісі зейнеткерлік жасқа толуына байланысты қызметінен босатылды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тиісті жарлығы Ақорданың ресми сайтында жарияланды. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Аслан Есболайұлы Мусин Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды", — делінген жарлықта.

Аслан Мусин әр жылдары Ақтөбе, Атырау облыстарының әкімі, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, ҚР президент әкімшілігі жетекшісі, Қазақстан парламенті мәжілісінің спикері қызметтерін атқарған. 


Жаңалықтар
0