03:39 22 Қаңтар 2017
Тікелей эфир
Қазақстандық әскерилер

Сарапшылар: лаңкестерді тіркеумен түгел қолға түсіру мүмкін емес

© Foto: Министерство обороны Республики Казахстан
Саясат
Қысқа сілтеме алу
17 0 0

Қылмыскерлер пәтерді тәулікке жалға алып, сонда терактіге дайындала береді

АСТАНА, 5 қаң — Sputnik. Сарапшылардың пікірінше, азаматтарды уақытша тіркеуге алу туралы норма енгізу құқық қорғау органдарына терроризм  жасады деген күдіктілерді ұстауға күтілген нәтиже бермейді. 

Алматы адвокаттар алқасының адвокаты Джохар Өтебековтің сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда  кейбір дамыған елдерде, тіркеуге міндеттейтін нормалар бар, бірақ еш жерде тіркеудің болмауы үшін айыппұл салынбайды екен. 

"Мен тұрғылықты және уақытша тіркелу бір уақытта жүретін бірде бір елді білмейтінім анық. Яғни енді көптеген адамдар екі тіркеуде тұратын болады. Аса қажеттілік жоқ, әйтсе де күш құрылымдары мұны террористермен күреске қажет деп түсіндіруде. Бірақ, ең болмаса бір лаңкесті тіркеу тәртібінің арқасында ұстапты дегенді есітпеппін. ІІМ өкілдері қандай да бір оң мысал келтіре алмады. Бұл жерде полицияның біржақты ведомстволық мүддесі, онсыз да шексіз өкілеттігін күшейту тілегі басым болған секілді", — деп санайды адвокат. 

Жаңа орынға көшкен азаматтарды міндетті тіркеуге алу туралы жаңа нормаларға келер болсақ, политолог Досым Сатпаевтың пікірінше, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасымен жұмыс істеу үшін құрылған жұмыс тобының алғашқы отырысында ақ бұл тармақ бастапқыда сарапшылар мен құқық қорғаушылар тарапынан қатты сынға ұшыраған. 

Сондықтан, оның сөзіне қарағанда, бұл тармақ кейіннен кішкене жұмсартылған. Бірақ басынан бастап тіркелудің тап осы формасы мемлекеттік құрылымдар тарапынан терроризмге қарсы қызметтің тиімділігін арттыратыны туралы нақты дәлел келтірілген жоқ. 

"Әрине соңы жылдардағы террористік актілерді елдің ішінде еркін қозғалып, баспананы жиі жалға алатын адамдар жасаған. Сол жерде олар жарылғыш заттар әзірлеген. Бірақ шайтан бөлшектерде жасырынған. Әйтсе де радикалдар заңмен белгіленген мерзімнен қысқа уақытқа баспананы жалға алып, террористік актілерге дайындала алады. Оның үстіне тәуліктік жалға алу да кеңінен тараған. Ал баспананың иесі террористік топтың қатысушысы болған жағдайда, онда заңның бұл нормасы мүлдем жұмыс істемейді. Бастапқыда заңды сақтайтын діни құрылымдарға бағытталған бүкіл діни ұйымдарды міндетті тіркеуге алу нормасын енгізу секілді. Қалғандардың барлығы жасырын әрекет етіп жатыр. Осылайша, тіркеуге алудың өзі панацея емес. Күш құрылымдары оңай жолды таңдады. Радикалдық топтарды бақылаудың тиімді тәсілі ең алдымен топтардың ішінде әсерлі агентуралық желіні құру болып табылады. Оның ішінде топ мүшелерінің қозғалысын қадағалау мақсатында да. Бұл көбірек уақыт пен кәсібилікті талап етеді", — деп жазды Сәптаев өзінің Facebook желісіндегі парақшасында. 


Басты тақырыптар