07:21 25 Қаңтар 2017
Тікелей эфир
Қамауға алу

Сәтпаев: Қазақстандағы жемқорлықпен күрес Суыр күнін еске салады

© Sputnik / Виталий Белоусов
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Қуандық Бишімбаев ісінің тергелуі (7)
64 0 0

Саясаттанушы Досым Сәтпаевтің пікірінше, жемқорлықпен ауқымды күрес және жоғары лауазымды шенеуніктердің қамауға алынулары қоғамның күмәнін туғызып, бекітулі шеңбер сезімін туғызады.

АСТАНА, 11 қаң — Sputnik. Қазақстанда соңғы кездері орын алып жатқан жоғары билік эшелоны шенеуніктерінің аты шулы ұсталулары мен қамауға алынулары саяси спектакль мен Суыр күні секілді көрінеді, деп мәлім етті Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында танымал саясаттанушы Досым Сәтпаев. 

Қармақта — үлкен балық 

"Соңғы бес жылда қандай да бір айыптаулар аясында сотталушылар қатарында министрлер де, әкімдер де, тіпті үкімет басшысы да болды. Соңғы жылдары жемқорлыққа қарсы торға ресми ірі балық түсе бастаған болып отыр. Көптеген адамдарда үнемі сұрақ туындайтын: неге басқа емес осы адам сотты болып жатыр? Тәжірибе көрсетіп отырғандай, Қазақстанның саяси жүйесіндегі жемқорлық – бұл пайда түсетін жерге қарабайыр қол жетімділік қана емес. Бұл элиталар ішіндегі теңгерімді сақтау мен бақылаудың қандай да бір тетігі, яғни бұл жоспарда сыбайлас жемқорлық осы жүйедегі әртүрлі ойыншыларды бақылауда ұстауға мүмкіндік беретін қармақ болып табылады", — деді Сәтпаев. 

Оның пікірінше, бостандықта жүргендердің бәрі бірдей "таза және адал емес, бар болғаны олардың уақыты әлі келген жоқ, немесе олардың артында одан да мықты фигуралар тұр". 

"Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күресудегі кішкене талғамалы әдіс белгілі бір күдікшілдік үлесін туғызады. Соңғы жылдары жемқорлыққа қарсы күрестің торына жоғары лауазымды тұлғалардың түсіп жатқанына қарамастан, бұл халықтың сыбайлас жемқорлықпен күреске деген сенімінің деңгейін арттырмайды", — деп санайды сарапшы.

Жеті басты айдаһардың басын шабу

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталуын Сәтпаев жас басқарушыларды тарту саясатына жасалған соққы ретінде бағалайды. 
Қуандық Бишімбаев
Служба центральных коммуникаций

"Қуандық Бишімбаев жаңа жас буын басқарушыларының өкілі болған. Оның тағайындалуын сол кездері президенттің кадрларды жасарту бойынша кезекті саясаты деп көрсеткен. Бізде болашақтықтар, жас буын, жаңа қан бар, оларға басқару мүмкіндігін беру керек. Басқарушылар жас болса да, әдеттері үлкен ағалардікі болғаны ғой. Осы жерде жағымсыз жағдай туындайды: президент айтқан меритократия қағидасы жұмыс істемейтін болып тұр ғой", — деді саясаттанушы. 

Оның пікірінше, әрекеттеріне тосқауыл қойылмаған белгілі бір топ жемқорлықпен күрес жүргізіп отыр, олардың торына ірі саяси фигуралар түсіп жатар. Бұл бюрократиялық аппараттың ішіндегі жүйенің іркілісіне әкеліп соқтыруы мүмкін. 

"Бір жағынан билік аты шулы жемқорлық сипатындағы даулармен, міне, ол мемлекеттік аппаратты жемқорлардан тазартуға тырысып жатыр деп көрсеткісі келеді. Ал екінші жағынан – бұл халықтың одан бетер ашу ызысын туғызады. Қаншалықты жемқорлықпен күресті имитацияласа, соншалықты жемқорлар көбейіп отыр. Бұл көне мифте секілді, жеті басты айдаһардың басын шабуға тырысқанда, оның орнына тағы үш бас шығады", — деген мысал келтірді Сәтпаев. 

Келесі кім?


Саясаттанушының пікіріне сәйкес, қоғамның қарқын алып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске деген сенімсіздігі шенеуніктердің жемқорлықпен қоғамның қатысуынсыз күресуінде – оны жүзеге асырылып қойған фактілер алдына қоюында болуы мүмкін. Бұл ретте министрліктер мен ұлттық компаниялардың қызметіне қоғамның бақылауы жоқ. 

"Бізде Суыр күні секілді сезім пайда болады. Жыл сайын бір нәрсе қайталана береді. Жігіттер бұл қашанға дейін жалғаса береді? Бір министрді отырғызды, келесі жылы жаңа министрді отырғызады. Бір әкімді отырғызды, келесі жылы сол бұзушылықтар бойынша жаңа әкімді ұстайды – бекітулі шеңбер. Өкінішке орай бұл жүйелі дерт. Оның емі әкімшілік аппараттың бутафорлық, не мифтік реформасында емес, нақты және орындалатын шараларда", — деп есептейді Сәтпаев.

Және қандай шарттарда мұның мүмкін екендігі туралы мысал келтіреді. "Мәселен, өзге елдерде секілді әртүрлі салдағы қазақ қауымдастығының нағыз лайықты өкілдері мемлекеттік аппаратқа түсуі үшін әлеуметтік орындарды арттыру. Екіншіден, ашықтықты арттыру. Біздің ұлттық компаниялар секілді "қара жәшіктер" болған кезге дейін әртүрлі бұзушылықтар тола бола береді. Үшінші ең маңызды жәйт, бұл журналистік тергеудің белсенді күшеюі. Өйткені БАҚ шенеуніктердің қызметін бақылаудың әсерлі құралы. Егер бізде журналистік тергеу секілді бағыт дамыған болғанда, онда шенеуніктер өздерінің тек бәсекелес органдардың ғана қармағында емес, қоғамның да қармағында екенін жақсы түсінер еді",- деп түйді саясаттанушы. 

Тақырып:
Қуандық Бишімбаев ісінің тергелуі (7)

Басты тақырыптар