Саясат

Билікті қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобының құрамы анықталды

© SputnikАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақордада Қазақстан Республикасы президентінің шешімімен құрылған иемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы болып өтті

АСТАНА, 13 қаң – Sputnik. Жұмыс тобы мүшелері ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Билік өкілеттіктерін қайта бөлу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу барысында жинақталған отандық және шетелдік тәжірибе, қолданыстағы заңнаманың және Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын қолдану практикасы зерделеніп, талдау жасалады, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Жұмыс тобының қызметіне заңгер, ғылыми-сараптамалық қауымдастығы, сондай-ақ  қалың жұртшылық белсене тартылатыны хабарланады.

Жұмыс тобы құрамының мүшелері: 

  • Жақсыбеков  Әділбек  Рыскелдіұлы  - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Жұмыс тобының жетекшісі;
  • Асанов Жақып Қажманұлы — Қазақстан Республикасының бас прокуроры;
  • Бекетаев Марат Бақытжанұлы — Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
  • Громов Сергей Николаевич — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының  орынбасары;
  • Донақов Талғат Советбекұлы — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары;
  • Жаларири Өмірәлі Шақарапұлы — Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры;
  • Исимбаева Гүлмира Истайбекқызы  - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары;
  • Төлеш Ерденұлы — Қазақ гуманитарлық заң университеті Азаматтық–құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры;
  • Мәми Қайрат Әбдіразақұлы — Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Төрағасы;
  • Мұқашев Рақмет Желдібайұлы – "Қазақстан заңгерлер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
  • Рогов Игорь Иванович — Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің төрағасы;
  • Федотова Зинаида Леонтьевна — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры.

 

Жаңалықтар
0