Саясат

Әшімбаев: Майлыбаев пен Дүтбаевтың қамалуларын байланыстырмас едім

© Photo : страница Ашимбаева в ВКонтактеСаясаттанушы Данияр Әшімбаев
Саясаттанушы Данияр Әшімбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР ҚК-нің бір бабы "мемлекеттік құпияны заңсыз жинау, тарату және жария етумен" өтіп жатқан ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев пен ҰҚК бұрынғы төрағасы Нұртай Дүтбаевтың қамауға алынулары бір бірімен байланысты ма жоқ па, Sputnik Қазақстанға саясаттанушы Данияр Әшімбаев айтып берді.

АСТАНА, 16 қаң — Sputnik. Кезекті қамауға алу мен аты шулы іс: ҰҚК-нің тергеу изоляторына ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев отырғызылды. Қамауға алынғанға күдік келтіріліп отырылған Қылмыстық кодекстің 185-бабы "Мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету" назар аудартады. Осы қылмыс бойынша Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Нұртай Дүтбаевқа да айып тағылып, жаңа жыл қарсаңында қамауға алынған. Бұл сәйкестік пе әлде заңдылық па? Осы сұрақты Sputnik Қазақстан саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа қойды. 

- Майлыбаев қамауға алынды. Алдында бұл жемқорлыққа қарсы қызмет пе, жоқ әлде ҰҚК ма деген жорамал жасалды. Енді Ұлттық қауіпсіздік комитеті екені анықталды. Бұл ретте ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасарына тағылып отырған айып, бұдан бұрын қамауға алынған Дүтбаевтың ісі бойынша тергеу жүріп жатқан баппен сәйкес келеді. Екі істің бір бірімен байланысы бар деген болжам жасауға болады ма? 

— Қазіргі уақытта оларды байланыстырудың жөні жоқ. Қылмыстық Кодекстің бір бабы оларды бір тізбекке біріктіруге негіз бола алмайды. Біз Майлыбаевтың ісі бойынша да, Дүтбаевтың ісі бойынша да нақты деректерді білмейміз, сондықтан бал ашуға ғана болады. Соңғы кездері қамауға алулар көп, олардың ішінде бұрынғы экономика министрі, ҰҚК бұрынғы төрағасы, президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары, БЖЗҚ бұрынғы басшылары тағы басқалар. Барлығын бір қатарға біріктіру қызықты көрінеді. Бірақ қылмыстық істер әртүрлі себептермен қозғалған. "Бәйтерек" холдингіндегі ұрлаулар ауқымға жеткені туралы әңгімелердің жүріп жатқанына көп болды, БЖЗҚ-ның ашық еместігі туралы әңгімелердің де шыққанына біраз болған.  Дүтбаев бойынша ақпарат әзірге аз, бірақ белгілі қауесеттер тарап жатыр. 

Портфель - Sputnik Қазақстан
Саясат
Бағлан Майлыбаев қамауға алынғанға дейін қандай жоғары лауазымды атқарды

Елде билікке күрестің күшейіп жатқаны көрініп тұр. Өз ұстанымдарын кеңейтуге ұмтылып жатқан бірнеше ірі топ бар. Олардың арасында әкімшілік ресурстарға, қаржы ресурстарына, медиалы ресурстарға қайта-қайта даулар туындап жатады. Тиімді менеджерлер, тиімді шенеуніктерде теріс пайдаланушылықтар үшін себептер көбірек. Өйткені заңнама көптеген дүниелерді қатаң реттеп отырады. Өкілеттіктен шығып кетпей жұмысты тиімді ұйымдастыру мүмкін емес. Соңғы уақытта идеологиялық сала өте даулы болды. Біз идеология  жүйесінде бастапқыдан басқарудың бірыңғай вертикалі болмағанын көріп отырмыз. Бұл салада дара бастылық тек 90-шы және 2000 жылдардың басында болған. Сосын біз вертикальдің жіктеліп кеткенін көрдік – ақпараттық саясат бір блокқа, мәдени – екінші… Ақпараттық бұл ретте бірыңғай министрлік құрылғанға дейін бірнеше құрылымға жіктелді. Осы шарттарда шешім қабылдаудың бірыңғай орталығының болмауы мемлекеттік ресурстарды өз мүддесінде пайдалануға тырысатын көп фигуралардың пайда болуына әкеліп соқтырды. Бір жерлерде ақпараттың жайылуы орын алады, енді бір жерлерде ақпараттық соғыстарға қатысуы орын алады. Біз елдегі әшкерелейтін материалдар деңгейінің шиеленісуін көріп отырмыз. Жаппай ақпараттар тарап жатыр, әшкерелейтін материалдар жариялайтын ресурстар пайда болуда. 

- Қандай ақпарат жарияланған болуы мүмкін?

— Майлыбаев пен Дүтбаев арқылы қандай мемлекеттік құпияның сыртқа тарағаны туралы әзірге хабарланбайды. Соттар жабық өтіп, біз ешқандай мән-жайларды білмеуіміз әбден мүмкін. Екеуінің жағдайын ескере отырып, мемлекет қажетсіз деп есептейтін әшкерелейтін ақпараттың тарап кеткені туралы болжам жасауға болады. Әңгіменің Дүтбаев пен Майлыбаевтың Қазақстанда саяси элита деп есептелетін өкілеттік шеңберінен тыс шығып кеткені туралы болып отырғаны түсінікті. 

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Әшімбаев: Дүтбаевты ұстауға ҰҚК өз бетімен шешім қабылдай алмаған

Дүтбаевқа келер болсақ, мәселе жоғары лауазымды тұлғаға қатысты әшкерелейтін материалдар туралы болып отыр деген әңгімелер тарап жатыр. Бұл компромат Мұхтар Әбілязовтың қолына түскен, бірақ әзірге жарияланбаған секілді. Алайда оның қолында белгілі бір билік деңгейіне әлеуетті үміткерлердің бірінің санкцияларын жоятын көзір болуы мүмкін. Бұл өсек. Нақты ештеңе әзірге жоқ.

Майлыбаевқа қатысты мәселе, әзірге түсініксіз. Менің ойымша, бұл Майлыбаевтың өзінің қарсыластарымен дауларына байланысты болуы мүмкін. Әңгіме саяси қарсыластары туралы емес, мемлекеттік аппараттың ішіндегі қарсыластары туралы болып отыр. Майлыбаев соңғы жылдары өз орнына кем дегенде үш үміткерге тойтарыс берді. Бұл жерде президент әкімшілігі мен үкімет арасында белгілі бір қайшылықтардың бар екені түсінікті. Қарсыластарының беделін түсіретін ақпараттың тарап кеткен болуы мүмкін. Бірақ қалай болғанда да біз нақты еш нәрсені білмейміз. 


Жаңалықтар
0