Саясат

ҚР СІМ: Сирия бойынша келіссөзге қатысушылар тізімі әлі анықталған жоқ

© Photo : Официальный сайт МИД РКҚайрат Әбдірахманов
Қайрат Әбдірахманов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада өтетін Сирия бойынша келіссөздің барлық ұйымдастырушылық мәселелері қатысушылар құрамы анықталғаннан соң айқындалалды деп мәлімдеді Қазақстан СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов

АСТАНА, 17 қаң – Sputnik. Сирия бойынша Астанадағы келіссөзге қатысушылардың құрамы әлі анықталған жоқ деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов сейсенбі күні тілшілерге.

Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
Саясат
Астанадағы Сирия бойынша келіссөздер: Ресей Трамп әкімшілігін шақырды

Астанадағы кездесу 23 қаңтарда өтеді деп жоспарланған, ал Женевада – 8 ақпанда Сирия бойынша БҰҰ-ның арнайы уәкілі Стаффан де Мистура басшылығымен.

"Қатысушылар құрамы белгілі болған соң, барлық ұйымдастыру мәселелері айқындалады", — деді Әбдірахманов үкімет отырысынан соң тілшілерге.

Оның сөзіне сүйенсек, Қазақстан айтылған үндеуге сәйкес, келіссөз алаңын ғана ұсынады.

Жаңалықтар
0