Саясат

Қазақстандық Трамптың инаугурациясына қатысты

© Photo : Instagram / @kazybek_Қазыбек Ермегияев
Қазыбек Ермегияев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ-ың 45-ші резиденті инаугурациясының салтанатты шеруіне Қазақстан азаматы қатысты

АСТАНА, 21 қаң – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трапмтың инаугурациясына арналған салтанатты шеруге АҚШ-тың әскери академиясында білім алып жатқан Қазақстан азаматы Қазыбек Ермегияев қатысты. 

Қазыбек бұл туралы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында бөлісі. Сондай-ақ танымал қазақстандық тележүргізуші Айгүл Мүкей өзінің отандасын мақтан тұтатынын айтып, өзінің парақшасында пост жариялады. 

"Кеше АҚШ президентінің инаугурациясында – салтанатты шеруге отбасының және отанының  лайықты ұлы  - Қазақстан Республикасының азаматы, Қазыбек Ермегияев қатысты. Шеруге сабағындағы, спорттағы және қоғамдық өмірдегі жетістіктері үшін, үздік студент ретінде қатысқан жалғыз қазақ. Алған бетіңнен қайтпа, Қазыбек!", — деп жазды Мүкей. 

"Қазыбек – АҚШ Әскери академиясының студенті. Ол нағыз қазақ жігіті, кавалерист ретінде, барлық уақытын аттың үстінде өткізеді", — деп атап өтті тележүргізуші. 

АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың инаугурациясының салтанатты рәсімі Вашингтонда жұма күні өтті. Оны өз көзімен көру үшін америкалық елорданың орталық саябағы – Ұлттық аллеясына әртүрлі бағалаулар бойынша 900 мыңнан 1 миллионға дейін адам келген. 

Жаңалықтар
0