Саясат

Әбдрахманов Кейкі батырдың бассүйегіне реконструкция жасаған Венгрияға алғыс білдірді

© Sputnik / Болат ШайхиновСІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов
СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кейкі батыр – 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс көшбасшыларының бірі. Қазан төңкерісін ешқашан мойындамаған батырды 1923 жылы Қызыл әскер жауынгерлері өлтірген. Содан кейін бас сүйегі Кунсткамераға жөнелтілген болатын.

АСТАНА, 26 маусым — Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахманов Венгрия СІМ басшысы Петер Сийяртомен кездесуден кейін Кейкі батырдың бейнесін реконструкция жасаған венгр мамандарына алғыс білдірді. 

Венгрияда Кейкі батыр бейнесін қалпына келтіру жұмыстары басталды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Венгрияда Кейкі батыр бейнесін қалпына келтіру жұмыстары басталды

"Мен осы мүмкіндікті пайдалана отырып, венгрлік тарапты, оның басшылығы мен үкіметіне, сонымен қатар керемет венгр мамандарына Кейкі батырдың бейнесіне реконструкция жасағаны үшін алғыс білдіргім келеді", — деді Әбдрахманов баспасөзга арналған бірлескен баспасөз мәслихаты тарысында. 

Тамыз айында Сочидегі кездесу барысында сол кезде премьер-министр қызметін атқарған Кәрім Мәсімов ресейлік әріптесіне өтініш білдіріп, Кейкі батыр мен Кенесары хандардың сүйегін қайтаруды сұраған болатын. Медведев өз кезегінде бұл мәселе бойынша көмектесуге уәде берген еді.

6 қазан бейсенбі күні таңертең Кейкі батырдың бас сүйегі Астанаға жеткізлді. Батырдың сүйегі ДНҚ анализін жүргізу және бейнесін қалпына келтіру үшін Венгрияның  Жаратылыстану ғылымдары музейінің бас директоры Золтан Коршошке берілді. Кейіннен батырдың бас сүйегі елге қайтарылды.


Жаңалықтар
0