Саясат

Назарбаев пен Путин Сирия келіссөздерінің қорытындысын талқылады

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин, архивтегі фото
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Астана процесін әрі қарай жалғастырудың маңыздылығын ерекше атап өтті

АСТАНА, 3 қараша — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды  Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында биылғы 30-31 қазанда Астанада Сирия мәселесі бойынша өткен халықаралық кездесудің кезекті раундының қорытындыларын талқылады. Тараптар Сириядағы жағдайды толығымен реттеу үшін Астана процесін әрі қарай жалғастырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.  

Президенттер, сондай-ақ, биылғы 9 қарашада Челябинск қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумына дайындық барысын қарастырды.   

Бұдан бөлек, екі елдің көшбасшылары екіжақты қарым-қатынастардың және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелеріне назар аударды. 


Жаңалықтар
0