Саясат

Президент сайлауына кім түсе алмайды – ОСК жауабы

© AFP 2024 / VYACHESLAV OSELEDKOСайлау учаскесі
Сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президенттікке үміткер 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, соңғы 15 жыл бойы Қазақстанда тұратын, жоғары білімі бар азамат болуы шарт

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне үміткерге қойылатын талаптарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент сайлауы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министрлік президент сайлауына қанша ақша жұмсалатынын айтты

Кандидаттарды ұсыну 10 сәуірде басталып, 28 сәуірде сағат 18:00-де аяқталады.

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігі туралы қаулыны бекітті.

"Сайлау туралы" конституциялық заңға сәйкес, мына адамдар президенттікке кандидат бола алмайды: 

  • заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам;
  • сот сыбайлас жемқорлық қылмысын және сыбайлас жемқорлық заң бұзушылығын жасағаны үшін кінәсін заңда белгіленген тәртіппен таныған адам.
  • соттың әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлануға құқығы жоқ.

Тағы оқыңыз: Кандидаттың қазақ тілін білетіні қалай анықталады?

Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптарды тағы бір мәрте еске салды.

Тумысынан Қазақстан азаматы, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жылда тұратын және жоғары білімі бар республика азаматы сайлауға түсе алады. Конституциялық заңда президенттікке кандидатқа қосымша талаптар қойылуы мүмкін.

Бұған қоса, президент болып сайлану үшін азаматтың мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы, сондай-ақ белсенді сайлау құқығы болуы тиіс.

Дариға Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Саясат
Дариға Назарбаева кезектен тыс президент сайлауы туралы пікір білдірді

Конституцияда және "Сайлау туралы" конституциялық заңда кандидаттардың қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру тәртібі көрсетілген.

Алдымен, республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органының отырысы өтіп, кандидатты ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме жасалады.

Құжат кандидаттың дауысқа түсуге келісім беруі туралы өтінішімен бірге Орталық сайлау комиссиясына тапсырылады. Кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжатты да тапсыру керек. Үміткердің қойылатын талаптарға сай болуы бес күн ішінде анықталады.

Кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы нысаны Орталық сайлау комиссиясының 10 сәуірдегі нысанымен бекітілген. Өтінішке үміткердің өмірбаяны, мемлекеттік қызметтегі немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер, сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат қоса беріледі.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда қанша сайлаушы бар?

Кандидат Орталық сайлау комиссиясының шотына заңнамада белгіленген ең төменгі жалақының елу еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.

Құжаттардың толық пакеті болған кезде, Орталық сайлау комиссиясы оларды қарауға қабылдайды.

Жаңалықтар
0